ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында республикалық "Алтын Қыран 2019" жобасы қолға алынды. Жоба аясында республикалық "Біздің Депутат" қоғамдық-саяси бастамасымен облыс, қала әкімдерінің, мәслихат хатшылары мен халық қалаулыларының басын қосқан "Алтын Қыран 2019» энциклопедиясының І томы жарық көрді. Нәзік болса дасаясаттың тұтқасын ұстап, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жолында аянбай еңбек етіп жүрген әйелдер қауымына арналған 2-бөліміне Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты, "Нейрон" ЖШС Бас дәрігері Самаликова Нина Разжанқызы енгенін қуанышпен хабарлаймыз. Аталмыш жоба бүгінде өз жалғасын тауып, энциклопедияның ІІ томы жазылу үстінде.