2019 жылдың 14-20 мамыр аралығында «БМСК НЕЙРОН емханасының» мектеп жасындағы балаларға арналған « Салауатты өмір салтын ұстанамын!»- денсаулық апталығының өтуінің есеп-шарасын жолдаймыз.
Апталық аясында ата-аналарға және емханадағы қабылдауға келген науқастарға салауатты өмір салтын ұстану , қауіп қатер факторларының алдын алу бойынша (темекіден және спирттік ) өнімдерден бас тартуды кеңінен насихатталды. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында- Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақтылы иммундау ( жұқпалы аурудан қорғанудың ең тиімді жолы- екпенің ролі) , сау бала кабинеттерінде аурулардың алдын алу , аналарға отбасыны жоспарлау ,босануға дайындалу,емшек сүтімен қоректенудің артықшылық туралы кеңінен насихатталды. Апталық аясында- « 16-МАМЫР КҮНІ – АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» өтті. Ашық есік күнінің өтуіне жауапты тұлға- бөлім меңгерушісі- КЕТЕБАЕВА .С.Д.
«Ашық есік күні шарасына»- 21- мектеп жасына дейінгі және ата-аналары қатысты. Шара барысында салауатты өмір салтын ұстану шаралары кеңінен насихатталып, 63-үнпарақтар, 57- бетшелер емханаға келуші (пациенттерге) үлестірілді , емхана дәлізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарға фаст –фудтың зияны туралы кеңестермен бейнероликтер көрсетілді. Апталық аясында семинар-треннингке қатысқан ересектер саны-41. Жасөспірімдер саны-27.Мектепке дейінгі балалар саны-37.Емхана дәлізінде-103 рет «ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ және Семіздіктің алдын алу», «Темекі және насыбайдың зияны» «Вакцинаның жұқпалы аурулардың алдын алуда пайдасы» «Спорт және тәни белсенділік» «Отбасын жоспарлау» атты бейнероликтер көрсетілді.